Accessibility links

Алмазбек Атамбаев аштық акциясын тоқтатты


Алмазбек Атамбаев.
Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев аштық акциясын тоқтатты. Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметіне адвокаты Замир Жоошев хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, Жазаны атқару жөніндегі мемлекеттік қызмет Атамбаевтың талаптарын орындағаннан кейін экс-президент қарсылық шарасын тоқтатқан.

"Атамбаев емге зәру. Сол себепті өзін N1 тергеу изоляторынан N47 колонияға ауыстыруды талап еткен еді. Бүгін, 28 қазанда Атамбаев аштықты тоқтатты" деді Жоошев.

Алмазбек Атамбаев 2019 жылдың тамыз айынан бері ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу изоляторында қамауда болған еді. 26 қазанда өзін "өлім жазасына кесілгендер жазасын өтейтін колонияға" ауыстырғаны үшін аштық жариялаған.

2020 жылы жазда қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісіне қатысы бар деп айыпталған Атамбаевты Бішкектің аудандық соты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырған еді. Сот экс-президенттің мүлкін тәркілеп, мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырған. Кейінірек Бішкек қалалық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Атамбаевқа былтыр тамыз айында Кой-Таш резиденциясында өзін тұтқындауға келген жасаққа қарсылық көрсеткені үшін де айыптар тағылған, сот әзірге шешім қабылдамады.

2019 жылы Кой-Таштағы оқиғаға байланысты "Адам өлтіру", "Адамдарды кепілдікке алу", "Жаппай тәртіпсіздік", "Бұзақылық", "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалған. Атамбаев пен өзге де айыпталушылар айыптарды жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG