АҚШ санкциясына байланысты бір жыл тоқтап тұрған Nord Stream 2 газ құбырының салынуы желтоқсан айында қайта басталмақ. Балтық теңізінен түбімен өтетін бұл құбыр Ресейдің газын Германия жеткізеді.
"Біз Германияның ерекше экономикалық аймағында орнын зәкір арқылы ұстайтын кемені қолдана отырып құбыр салу жұмыстарын қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз" деді Nord Stream 2 AG компаниясы журналистерге.
Nord Stream 2 газ құбырының салынуы бір жылға жуық уақыт бұрын тоқтап қалған. Құрылыстың тоқтауы АҚШ-тың теңіз түбінде құбыр салуға қатысы бар кемелерге санкция салуымен байланысты еді. Санкция салынған соң, құбыр салумен айналысатын швейцариялық Allseas компаниясы жобадағы жұмысын аяқтады. "Газпром" компаниясының "Интерфакс" агенттігіне хабарлауынша, 94 пайызға дайын Nord Stream 2 жобасын Ресей аяқтамақ.
Құбыр салуды қандай кеме жүзеге асыратыны әлі белгісіз. Қалған бөліктің 16 шақырымы теңіздің Германияға тиесілі бөлігінде, 60 шақырымы Данияға тиесілі бөлігінде.
Nord Stream 2 газ құбыры келіп тірелетін Мекленбург-Алдыңғы Померания федералдық округі осы аптада Nord Stream 2 жобасында жұмыс істейтін компанияларды АҚШ санкцияларынан қорғау үшін премьер-министр канцеляриясының бақылауындағы қоғамдық траст құру туралы шешім қабылдады.
ПІКІРЛЕР