Қырғыз елінде сайлау қалай өтті?
10 қаңтарда Қырғызстан азаматтары мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында дауыс берді. Көпшілік бұл сайлауда ұлтшыл саясаткер Садыр Жапаров айқын басымдықпен жеңіске жетеді деп болжаған. Бұған қоса сайлаушылар референдумда қазіргі парламенттік жүйе мен президенттік басқару жүйесі арасында таңдау жасайды. Кей сайлау учаскелерінде, соның ішіндегі Бішкектегі университетте, техникалық ақау байқалып, кідірістер болды. Ресми орындар күннің суықтығынан дауыс беру машиналары істемей қалды деген уәж айтты. Дауыс берген адамның аздығына да күннің суықтығы себеп болған.
ПІКІРЛЕР