Армения премьер-министрі сәуір айында отставкаға кететінін мәлімдеді. Никол Пашинян мұны "кету үшін емес, кезектен тыс парламент сайлауын өткізу үшін" жасап отырғанын айтты. Заң бойынша ол дауыс беруге дейін үкімет жетекшісі міндетін атқара береді.
Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы маусым айында өтеді.
Оппозиция Пашинянның отставкасын талап етіп отыр. Премьердің қарсыластары жексенбі күні Ереван орталығында кезекті наразылық өткізді. Бұған дейін олар Пашинян отставкаға кетпей сайлау әділ өтпейді деп айтқан. Бірақ премьер жеңілген жағдайда билікті "мұрагеріне" тапсыратынын жеткізген.
Арменияда наразылықтың жалғасып жатқанына бір айдан астам уақыт болды. Басында оппозиция Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы Әзербайжанмен жасалған келісімге наразылық білдірген. Құжатқа сәйкес, Таулы Қарабақтың бір бөлігі Әзербайжан бақылауына өткен. Пашинян сондай келісімнің көмегімен ғана қақтығысты тоқтатуға болатынын айтқан.
ПІКІРЛЕР