Accessibility links

"Пандемияны сылтаурату". Орталық Азия мен Еуропа елдері адам құқығын қалай шектеді?


Полиция жасағы оппозиция митингісінің қатысушысын ұстап әкетіп жатыр. Алматы, 28 ақпан 2021 жыл.
Полиция жасағы оппозиция митингісінің қатысушысын ұстап әкетіп жатыр. Алматы, 28 ақпан 2021 жыл.

Еуропа мен Орталық Азиядағы кей елдер коронавирусты күресті желеу етіп, адам құқығын өрескел бұзатын шаралар қабылдады дейді британиялық Amnesty International ұйымы жаңа баяндамасында.

Лондонда орналасқан ұйымның 7 сәуірде жарық көрген баяндамасында зерттелген елдердің жартысына жуығында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланғаны, биліктің осыны желеу етіп адамдардың еркін жүріп-тұруын, пікір айтуын және бейбіт жиын өткізу құқығын шектеп тастағаны айтылады.

Денсаулық сақтау шаралары маргинал топтарға кері әсер еткен. Олар қысым ұшырап, құжаттары жиі тексеріліп, карантинге жабылып жатты, айыппұл да салынды.

Болгария, Венгрия, Грекия, Кипр, Ресей, Сербия, Словакия және Францияда босқындар мен қоныс аударушылар дискриминациялық сипаттағы "мәжбүрлі карантинге" жабылған.

Бельгия, Грекия, Грузия, Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Румыния мен Францияда құқық қорғау органдарының қызметкелері демонстранттарға күш қолданған.

Әзербайжанда пандемия желеуімен саяси мақсатта қамауға алу күшейген.

Адам құқығы осыған дейін-ақ шектеліп келген кей елдерде жағдай пандемия басталған ушыға түсті. Ресей билігі "жеке тұлғаларға "шетел агенті" деп жала жауып, жалғыз адамдық пикеттерді одан сайын жаншып", шектен шықты.

Қазақстанда бейбіт жиындар туралы дейтін шектеулері көп заң қабылдады.

Қазақстанда бейбіт жиын заңы қалай қабылданды? Заңның кемшілігі қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:09:15 0:00

Беларусь полициясы президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспей, наразылыққа шыққандарды жаншыды. Баяндамада бұл әрекет "жаппай зорлық көрсету, азаптау және қатыгездік" деп сипатталған.

"Еркін пікір айтушыларды басып тастап отырды. Олар саяси мақсатта қамауға алынды. Оппозиция өкілдері, саяси белсенділер, азаматтық қоғам белсенділері мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары қудалауға ұшырады" деп жазылған баяндамада.

Баяндамаға сәйкес, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Босния және Герцеговина, Венгрия, Қазақстан, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Франция секілді мемлекеттердің үкіметі "еркін пікір айту құқығын шектеу үшін бар заңды теріс пайдаланған немесе жаңа заң қабылдаған".

Үкіметтер пандемия туралы ақпарат таратып жүрген журналистерді, медицина қызметкерлерін қорғау үшін де тиісті шаралар қабылдамаған. Кейде үкіметтің пандемиямен күрестегі жұмысын сынағандарды қудалаған. Мұндай жағдай Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Украина, Польша, Албания, Армения, Беларусь, Босния, Венгрия, Косово, Сербия секілді мемлекеттерде болған.

Тәжікстан мен Түркіменстанда медицина қызметкерлері онсыз да сөз бостандығы шектелгендіктен, билікке қарсы шығуға батылы жетпеген.

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ШЕКТЕУ

Amnesty International ұйымының айтуынша, 2020 жылы Польша, Венгрия, Түркия және тағы басқа мемлекеттердің үкіметі соттардың тәуелсіздігін шектеген. Олар билікті сынаған, еркін пікір айтқан немесе үкіметтің ұстанымына қайшы шешім шығарған соттарды тәртіптік жазаға тартқан.

Ресейде, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кей елдерінде "әділ сотқа деген құқығын шектеу" кең тараған. Бұл мемлекеттерде билік пандемияны сылтауратып, қамаудағыларға адвокаттармен кездесуге, сот процесінің ашық өтуіне жол бермеген.

Беларусьте "әділ сот тергеуі мен есеп беру құқығы" бұзылған.

"Бейбіт шерушілердің өлімі мен азапталуы тергелмек түгілі, билік оларға шағым жасауға да мүмкіндік бермеді" деп жазылған баяндамада.

ШИЕЛЕНІС АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Amnesty International мәліметінше, Кеңес одағының құрамында болған мемлекеттердегі шиеленіс адам әлеуметі мен аймақтық әріптестіктің дамуын тежеп жатыр.

Грузия мен Ресейдің, Абхазия мен Оңтүстік Осетияның сепаратистік аудандарында мемлекеттің басқа аудандарына еркін бару әлі де шектеліп жатыр. Бұл жерлерде арнайы кедергілер де қойылған.

Іс жүзінде Молдовадан бөлініп кеткен Транснистрия ауданында үкімет бақылауға алған аудандардан шығуға шектеу қойылған. Бұл жергілікті халықтың медициналық қызмет алуына қиындық туғызды.

Украинаның шығысында мемлекеттің үкіметі де, Ресей сепаратистері де қақтығыс болып жатқан жерден өтуге тыйым салды. Осылайша ол жердегі адамдар медициналық көмекке жүгіне алмай қалды. Зейнетақыдан қағылып, жұмысқа бара алмады.

Былтыр күзде болған Армения мен Әзербайжан арасындағы қарулы қақтығыстан 5 мыңнан астам адам қаза тапты. Екі жақ та халықаралық деңгейде тыйым салынған оқ-дәрілерді пайдаланды. Сонымен қатар жарылғыш заттарды қолданып, адам көп шоғырланған аудандарды қиратты.

Баяндамада Әзербайжанның да, Арменияның да "сотсыз өлім жазасы, тұтқындарды азаптау, қарсы тараптың мәйітін қорлау секілді әскери қылмыс жасағаны" жазылған.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ШЕКТЕУ

Amnesty International баяндамасында айтылғандай, Еуропа мен Орталық Азия елдері "шектеу шаралары" арқылы құқық қорғаушылар мен үкіметтік емес ұйымдарды одан сайын шектеген. Бұл "қаржылық қиындықтарға байланысты азаматтық қоғамды әлсіретті, себебі жеке тұлғалар, қорлар, кәсіпорындар мен үкіметтер коронавирусқа байланысты қаржылық қиындықтарға тап болды".

Қазақ және Ресей үкіметі жала жабу арқылы Үкіметтік емес ұйым өкілдерін үнін шығармауға тырысты. Қазақстан билігі ондаған құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымды жабуға сес көрсетті. Қазақстанда адам құқығы мәселелерімен айналысатын ондаған үкіметтік емес ұйым "қаржылық есептен қате жіберді" деп айыпталды.

Ресейде бейбіт шерушілер, құқық қорғаушылар, азаматтық және саяси белсенділер қамауға алынып, қудалауға ұшырады.

Қырғызстанда Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңға ұсынылған өзгерістер қаржылық есеп беруге қиындық туғызды. Ал Болгария, Грекия, Польша мен Сербия Үкіметтік емес ұйымдарды шектейтін жаңа заң талқылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG