Accessibility links

Covid: 1422 науқас анықталды, 22 адам қайтыс болды


Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.
Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.

3 маусымда 1319 адамның анализінен коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2 маусымда 103 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгілі болған. 22 адам қайтыс болған: 15 адам - коронавирустан, 7 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Бейсенбі күні Қарағанды облысында – 254, Нұр-Сұлтанда – 222, Алматыда – 184, Ақмола облысында – 75, Алматы облысында – 53, Павлодар облысында – 61, Батыс Қазақстан облысында 89 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 46, Ақтөбе облысында – 27, Атырау облысында – 64, Шығыс Қазақстан облысында – 90, Жамбыл облысында – 23, Қостанай облысында – 38, Қызылорда облысында – 9, Маңғыстау облысында – 44, Солтүстік Қазақстан облысында – 20, Түркістан облысында 20 науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 391 695 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 25 мыңға жуығы емделіп жатыр. 4022-і қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 580 адамға жетті. 3383-і қайтыс болған. Қазір 728-і емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 572 науқастың жағдайы ауыр, 124 науқастың жағдайы өте ауыр, 75 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Соңғы мәлімет бойынша, 2 млн 181 мың адам (халықтың 11,5 пайызы) коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 142 мың адам (5,9 пайыз) екі дозасын алған. Өткен тәулікте шамамен 22 мың адамға екпе егілген. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 172 млн 21 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 698 мың адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG