Accessibility links

Тәліптер Құндыз қаласын қоршады. Тәжіктер шекара маңында қақтығыс тыншымағанын айтады


Тәліптермен соғыста шегінуге мәжбүр болып, тәжік аумағына өтіп кеткен ауған үкіметінің сарбаздары.
Тәліптермен соғыста шегінуге мәжбүр болып, тәжік аумағына өтіп кеткен ауған үкіметінің сарбаздары.

Ауған-тәжік шекарасындағы Шерхан-Бандар аймағын басып алған тәліптер Құндыз қаласына қарай ойыса бастаған. АҚШ пен НАТО әскері елден шығарылып жатқан тұста Талибан басқыншылықты үдетіп, Ауғанстандағы көп жерлерге бақылау орната бастаған .

23 мамырда Конгресте сөйлеген штаб жетекшілерінің біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли Ауғанстанда 419 аудан орталығының 81-і тәліптер бақылауында екенін айтты. Бірақ Миллидің айтуынша, басып алынған аумақтың 60-ы АҚШ әскерін алып кететінін мәлімдемей тұрып тәліптер қолына өткен.

22 маусымда Талибан тәжік шекарасындағы негізгі аумақты бақылауына алған еді. 23 мамырда Талибан соған қарамастан шекарада сауда жалғаса береді деп мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда, шекара бекетінен күн сайын мың шақты көлік өтеді.

Тәліптер Құндыз провинциясының орталығы Құндыз қаласының оңтүстігінен шамамен 50 шақырым жерден қаланы жан-жақтан қоршай бастаған. Тұрғындар соғыстың қызу жүріп жатқанын, жарық және өзге де инфрақұрылым жүйесінде ақау туындағанын хабарлады.

Тәліптердің өкілі Муджахидтің сөзінше, содырларға қалаға кірмеуге бұйрық берілген. Талибан жетекшілері бұл провинциядан АҚШ күштерінің толық шыққанын күтпек.

Ал Тәжікстан билігі 23 маусымда ауған-тәжік шекарасында қақтығыстың тыншымағанын хабарлады. Бір күн бұрын тәліптермен соғысып, шегінуге мәжбүр болған ауған үкіметінің әскері тәжік жағына өтіп кеткен еді.

"Бірнеше сағатқа созылған атыстан кейін шабуылға төтеп бере алмай ауған үкіметі күштерінің 134 сарбазы "Паянж" бекеті арқылы Тәжікстанның аймағына шегінуге мәжбүр болған" деді 22 маусымда Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің өклідері.

Тәжік шекарашылары "гуманизм мен достық туралы келісім шарттарына сүйене отырып, ауған сарбаздарына тәжік жеріне кедергісіз өтуіне рұқсат берген".

Мәліметке қарағанда, шекараға жақын жердегі қақтығыста ауған әскерінің 100 шақты сарбазы оққа ұшып, тұтқынға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG