Accessibility links

Коронавирустың "Дельта" түрі жылдам тарап жатыр, Азия-Тынық мұхит аймағында карантин күшейді


Индонезиядағы ауруханалардың бірінде. Маусым айы, 2021 жыл.
Индонезиядағы ауруханалардың бірінде. Маусым айы, 2021 жыл.

Коронавирустың жылдам жұғатын түрі - "Дельта" тарап жатқан шақта Оңтүстік Африка және Азия-Тынық мұхит аймағында карантин күшейді. Еуропаның көптеген елі мен АҚШ-та вакциналау науқаны індеттің бетін қайтарғанмен коронавирустың "Дельта" варианты мамандарды алаңдатып отыр.

Сиднейде миллиондаған тұрғын 27 маусымда екі апта локдаунға жіберілді. Индонезияда бұрын-соңды болмаған коронавирустың жоғары көрсеткіші (бір күнде 21 мыңнан астам науқас) тіркелді. Джакарта мен өзге қалалардағы ауруханаларда орын тапшы. Малайзияда да локдаун мерзімі ұзартылды, елде коронавирус жұқтырғандар әлі де көп және тұрғындардың 6 пайызы ғана вакцина алған.

28 маусымнан бастап Таиландта қоғамдық тамақтану орындары және құрылыс нысандарында шектеу күшіне енеді, Бангокта адамдардың бір жерге жиналуына тыйым салынған. Бангладеш те 28 маусымнан бастап жалпыұлттық локдаун енгізетінін хабарлады.

Ал Люксембург премьер-министрі Хавиер Беттель кеңсесі премьерден коронавирус анықталғанын хабарлады. Ол бірнеше күн бұрын Еуроодақ саммитіне қатысқан. Оңтүстік Африка ішімдік саудасын тыйып, адамдардың бір орынға жиналуына тыйым салды, түнгі коменданттық сағат мерзімін ұзартты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG