Accessibility links

Көлгінов LRT жобасын аяқтау үшін тағы 1 млрд доллар керегін айтты


"Раббым, шаруаны абыроймен аяқталуын нәсіп ет". LRT құрылысы қайта басталып, құрбан шалынды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалада алғашқы жеңіл рельсті транспорт жобасының құрылысы жанданатынын растады. Бірақ шенеунік жобаны үкімет кепілдігінсіз жүзеге асыру мүмкін емес деп мәлімдеді.

– Иә, қазір құрылыс маусымы басталғандықтан жұмыс жанданды. Келісімде көрсетілген шарттар сол күйінше қалды – бізде қытайлық әріптестер де бар, жергілікті компаниялар да бар. Қаржының түсуіне байланысты жоба жалғасады. Жобаны аяқтау үшін қазір 1 млрд теңгеден астам қаражат керек. Бұл вагондар, рельстер, барлық инфрақұрылымына жұмсалады. Біз сырттан қарыз алу үшін байқау жарияладық. Банктер де қатысып жатыр. Байқау аяқталғаннан кейін банктерді анықтаймыз. Толық ақпаратты хабарлаймыз. Егер ішкі нарықта (банктер арасынан) қатысқысы келетіндер болса, оны да қарастырамыз. Бізге 1 млрд доллардан астам қаражат керек. Жаздың соңына дейін байқауды аяқтауымыз керек, – деді Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, барлық қарыздар республикалық бюджет есебінен өтеледі.

– Қарыз төлемі мен сыйақысы республикалық бюджет есебінен өтеледі. Ақша республикалық бюджеттен әкімдікке бөлінеді, ол жақтан әкімшіге түседі. Үкімет кепілдігінсіз ешбір банк немесе инвестор келе қоймайды. Сол себепті жобаны аяқтаудың бір ғана жолы бар, – деді астана әкімі.

Бұған дейін аталған жобаны аяқтау үшін City Transportation Systems компаниясының (бұрынғы Астана LRT) үкімет кепілдігімен 1,08 млрд доллар қарыз алуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мұндай қаражат көлеміне байланысты үкіметтің кепілдік беретіні-бермейтіні белгісіз деп айтқан. Бірақ кепілдік бермейді деп кесіп айтпаған.

Сәрсенбі күнгі брифинг кезінде журналистер City Transportation Systems компаниясының 24 млрд теңге шығынға батқанын хабарлап, бірақ соған қарамастан компания "облигациялар бойынша жарты жылдың купондық сыйақы мөлшерін төлеп жатыр" деді. Әкімге "шығынға батқан коммуналдық кәсіпорын қалайша облигацияларды төлеп жатыр?" деген сұрақ қойылды.

– City S компаниясы Қытай банкімен келісім жасасқан. Оның жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4,7 пайыз болатын 1,5 млрд доллар көлемінде несиесі болған. Біз ішкі нарықтан 430 млн доллар көлемінде қаражат тауып, қытайлық несиені жылдық пайыздық мөлшерлемесі 3,25 %-бен жаптық. Сүйтіп, 800 млн доллар үнемдедік. Бірақ осы несиелердің қарызын жабу керек. City S компаниясының проблемалық "Астана банкінде" қайтарымдық қаражаты болған. Ондағы активтердің барлығы мемлекетке қайтарылып жатыр және City S-тің активіне өтіп жатыр. Осының арқасында несиесі өтеліп жатыр. Алдағы уақытта үкімет кепілдігіне сәйкес, бұл жобаға республикалық бюджеттен ақша бөлінеді, – деді Көлгінов.

Жеңіл рельсті транспорт жобасына мамандар мен бірқатар мемлекеттік орган өкілдері әлі күнге дейін күмән келтіреді. Бұған дейін Астана LRТ қызметіне мемлекеттік аудит жасаған есеп комитеті жобаның жұмсалған қаражатты ақтамайтынына назар аударған. Ведомство жоба жалғасса, мемлекет шығынға батады, оған бюджеттен қомақты субсидия бөлінуі тиіс деп мәлімдеген.

Экономист Расул Рысмамбетовтің айтуынша, "астананың барлық тұрғыны, оқушылары мен зейнеткерлері күніне екі рет LRT жүйесімен пайдаланған күннің өзінде де, күндік жолаушылар саны 5 мыңға жуықтайды. Ондай кезде жоба өз-өзін тек 600 жылдан кейін ақтайды" деп айтқан.

ЛРТ жеңіл рельсті көлік жүйесінің ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG