Accessibility links

Оралда "екпені міндеттеуге қарсы" митинг өткен күні екі белсенді ұсталды


"Міндетті екпеге қарсы" митинг . 6 шілде 2021 жыл.
"Міндетті екпеге қарсы" митинг . 6 шілде 2021 жыл.

6 шілдеде Оралда белсенділер Мира Ахметова мен Василий Хасанов ұсталды. Олар полиция бөлімшесінде бірнеше сағат болған.

– Алаңға жақын (міндетті екпеге қарсы митинг өтеді делінген Мәншүк Мәметова атындағы алаң) жердегі аялдамадан түскен кезде мені ұстап, қалалық бөлімшеге жеткізді. Бірнеше сағат ұстап, тергеді, – деді Василий Хасанов Азаттық тілшісіне.

Мира Ахметованың сөзіне қарағанда, оны полиция кешкі сағат алты жарым шамасында үйінің маңынан ұстаған. Оған полицияға шақырту қағазы берілмеген.

– Мені кешкі сағат ондар шамасында босатты, Оқасовтың ісі (жергілікті белсенді Орынбай Оқасовтың үстінен 405-бап бойынша қозғалған іс) бойынша ұстады. Ұзақ уақыт құр босқа ұстап, бір сағат қана тергеді, – деді Азаттыққа Мира Ахметова.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Мөлдір Сырғалиева 6 шілде күні ұсталғандар туралы Азаттық тілшісінің сұрағына белсенділер "Орал қаласы полиция басқармасына куәгер ретінде жеткізілді, тергеуден кейін босатылды" деп айтты.

Бірақ ол Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сүйене отырып (сотқа дейінгі тергеу амалдарының мәліметтерін жарияламау) екі белсендіні полицияның қандай іс бойынша бөлімшеге жеткізгенін айтпады.

Шетелде қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов жақтастарын 6 шілдеде билікке қарсы наразылыққа шығуға шақырған. Туған елінде ол қылмыстық баптар бойынша кінәлі деп танылып, өмірлік түрме жазасына кесілген. Бұрынғы банкирдің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзінің саяси себеппен қудаланып жатқанын айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG