Грузияда төрт оппозициялық телеарна телеоператор Лексо Лашкараваның өлімінен кейін үкімет отставкасын талап етіп, эфирлерін тоқтатты.
Сәрсенбі күні Грузияның "ТВ-Пирвели", "Мтавари архи", "Формула" және "Кавкасия" телеарналары 5 шілдеде зардап шеккен 52 БАҚ қызметкерінің тізімін ғана эфирге берді. Сол күні ЛГБТ маршына қарсы топ Тбилисидің орталық алаңында бүлік ұйымдастырған. Нәтижесінде марш өтпей қалды.
Сол шабуыл кезде "ТВ-Пирвели" телеоператоры Лексо Лашкарава қатты соққы алған. Алты күн өткеннен кейін ол пәтерінде қаза тапты. Сейсенбі күні оны жерлеген.
Содан бері оппозициялық телеарна қызметкерлері Грузия премьер-министрі Ираклия Гарибашвилидің отставкасын талап етіп жатыр.
Себебі гей-парад өтер алдында Гарибашвили маршты ұйымдастырушыларды сынға алған.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, журналистерге шабуыл жасаған бес адам ұсталған.
Премьер Гарибашвили 37 жастағы телеоператордың өлімін трагедия деп атап, кінәлілердің жазаланатынын айтты.
ПІКІРЛЕР