Accessibility links

Режиссер, оппозиция қайраткері Болат Атабаев дүние салды


Болат Атабаев.
Болат Атабаев.

Алматыда 69 жасында режиссер, оппозиция қайраткері Болат Атабаев дүние салды. Бұл туралы белсенділер мен құқық қорғаушылар хабарлады. Бірер күн бұрын Атабаевтың Алматы ауруханасының жан сақтау бөліміне түскені хабарланған еді.

Режиссер былтыр Германияда ауыр операцияны бастан кешірген. Оның Қазақстанға оралғанына көп болмаған.

Болат Атабаев Қазақстанда саяси-қоғамдық мәселелерге өткір пікір айтумен танымал болды. Билікті сынады. Түрлі оппозициялық ұйымдарды қолдаған режиссер оппозициялық белсенділігі үшін қуғындалды. Жаңаөзен оқиғасынан кейін "әлеуметтік араздық қоздыру" бабы бойынша қамалып, қоғам және халықаралық қауымдастық қысымынан кейін босатылды. Бірақ оған қоқан-лоқы, қысым тыйылған жоқ, соның салдарынан шетелге кетуге мәжбүр болған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Болат Атабаевты пікір-көзқарасы үшін қуғынға ұшыраған азаматтар қатарына қосқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG