Accessibility links

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда кейінгі екі жылда елеулі саяси өзгерістер жасалды


Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы жолдауында.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы жолдауында.

Бұл сөзді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 қыркүйекте халыққа жолдауында "Қазақстанда кейінгі екі жылда елеулі саяси өзгерістер жасалды" деп айтты.

"Алдын ала хабарлау арқылы бейбіт жиын өткізуге мүмкіндік беретін заң қабылданды, саяси партиялардың мәжіліске өту межесі 5 пайызға дейін түсірілді, сайлау бюллетеніне "бәріне қарсымын" деген пункт қосылды. Осы және басқа да қадамдар қоғамда белсене қолдау тапты. Бұл бастамалар демократияны нығайтып, саяси жүйеміздің сапасын арттырады, азаматтарды мемлекетті басқару ісіне араластыруға оң ықпал етеді" деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, саяси өзгерістер әрі қарай жалғастырылады, бірақ мемлекеттің өзіне тән ерекшелігі ескеріледі.

Сарапшылар Тоқаев осыған дейін мақтан тұтқан өзгерістердің болмашы екенін айтады. Олардың сөзінше, бейбіт жиындар туралы заң қабылданғанымен митинг өткізу үшін әлі де билік рұқсаты керек. Партия құру талаптарына өзгеріс енгізілгенімен, көп шектеулердің сақталғанын айтады.

Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары Қазақстанда билікке пікірін ашық айтқан адамдар қудаланып, істі болатынын, елде саяси тұтқындар көп екенін мәлімдеген. Олар Ақорданы бейбіт митингіге шыққандарды қудаламауға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG