Accessibility links

Шымкенттен көмек сұрап келген көп балалы аналар Нұр-Сұлтанда басқарма алдында түнейтінін айтады


Шымкенттен көмек сұрап келген аналар Нұр-Сұлтандағы президент әкімшілігі іс басқармасының қабылдау бөлмесінде тұр. 24 қыркүйек 2021 жыл.
Шымкенттен көмек сұрап келген аналар Нұр-Сұлтандағы президент әкімшілігі іс басқармасының қабылдау бөлмесінде тұр. 24 қыркүйек 2021 жыл.

Шымкенттен келген көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған алты ана 24 қыркүйекте президент әкімшілігінің іс басқармасына барды. Олар баспана мәселесін шешіп беруді талап етті.

Айтуларынша, Шымкентте мәселелері шешілмегеннен кейін Нұр-Сұлтанға келуге мәжбүр болған. Олардың мұнда жүргеніне бір аптаға жуықтаған.

"Бәріміз пәтер кезегінде тұрмыз. Одан тыс үй сұрап жатқан жоқпыз. Кезек жылжып жатқан жоқ. Сондықтан астанада біреу көмектесер деп келдік. Шымкентте мәселе шешілмеген соң қайтеміз, осында келдік. Министрліктен шымкенттіктерге сөзі өтетін біреу болатын шығар. Осымен екінші рет келіп отырмыз. Бірінші келгенде өтінішімізді қабылдап, оны Шымкентке жіберіп, сол жақтан жауап аламыз деген. Содан бері 20 күн өтті, еш өзгеріс болған жоқ" дейді көп балалы ана Мейрамгүл Отарбекова Азаттыққа.

Осы аптада президент әкімшілігінің іс басқармасынан екі қызметкер шығып, "Шымкентке сұрау жібердік, келгенде жауабын айтамыз" деп бұрынғы айтқандарын қайталаған.

Нұр-Сұлтанда бірнеше күн бойы пәтер жалдап тұрған әйелдер "ақшаларымыз бітті, енді осы жерге қонамыз" деп президент әкімшілігі іс басқармасының қабылдау бөлмесін нұсқады. Олар бұл жерге сөмке-заттарын көтеріп келген.

Қазақстанның әр өңірінен көп балалы әйелдер баспана, жәрдемақы мәселесін айтып Нұр-Сұлтанға жиі келеді. Бірақ көбі мәселеміз сонда да шешілмей жатыр деп жиі шағымданады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG