Accessibility links

Гонконг университеті Пекиндегі наразылықтың құрметіне қойылған мүсінді бұзады


Тяньаньмен алаңындағы наразылықты жаншу кезінде қаза тапқандардың құрметіне қойылған мүсін. Гонконг университеті.
Тяньаньмен алаңындағы наразылықты жаншу кезінде қаза тапқандардың құрметіне қойылған мүсін. Гонконг университеті.

Гонконг университеті жергілікті оппозиция ұйымынан 24 жыл бұрын қойылған мүсінді алып кетуді талап етті. Мүсін 1989 жылы Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында болған наразылықты жаншу кезінде қаза тапқандардың құрметіне қойылған. Мүсінді алып кетуге 13 қазанға дейін уақыт берілген деп хабарлады Hong Kong Free Press басылымы.

Университет әкімшілігі мүсінді демонтаждау туралы талапты Қытайдың патриоттық-демократиялық қозғалыстарын қолдау жөніндегі альянсқа жіберілді. Альянс – наразылықты жаншуға жауапты адамдарды жазаға тартуды көздейтін үкіметтік емес ұйым.

1989 жылғы наразылықты жаншу кезінде 250-ге тарта адам мерт болған. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, қаза тапқандар саны одан жоғары болуы ықтимал.

Наразылық либерализм жақтасы саналған бұрынғы бас хатшы Ху Яобанның өлімінен соң басталып, 1,5 айға ұласты. Акция қатысушылары Қытайдың демократиялануын, Компартия саяси монополиясын тоқтатуды талап етті.

Наразылық акциясын тарату үшін танкілерді қолданды. Белсенділердің көбі Гонконгқа қаштын. Ішкі Қытайда 1989 жылғы оқиға туралы ақпарат әлі де құпия күйінде ұсталып отыр.

2020 жылға дейін Гонконгта ішкі Қытайдан едәуір автономия болған. "Бір ел – екі жүйе" қағидасы аясында қаланың өз заңы болған. Онда цензура болмаған, ресми оппозиция жұмыс істеген.

Сол жылы Пекин қаланы ерекше мәртебесінен айырып, онда коммунистік режимді сынаушылар қудалана бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG