Accessibility links

Қытай демократияны басқаша «түсінеді»


Қытай компартиясы туы алдында тұрған полицейлер. 5 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай компартиясы туы алдында тұрған полицейлер. 5 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Foreign Policy қарашаның 19-ы күні Қытайдың қазіргі әлеуметтік ахуалы жайлы мақала басты. Дүниежүзілік банктің дерегінше, Қытайда 390 миллион адамның күндік табысы екі долларға жетпейді.

Foreign Policy-дің жазуынша Батыс елдерінің басшылары бірнеше жылдан бері адам құқықтары мен еркіндігінің артықшылықтарын дәлелдей отырып, «моральдік тұрғыда Қытайда демократия мен саяси жариялылық болғаны тиімді» деген ұсыныстар айтып келеді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон биыл мамыр айында қытайлық құқық қорғаушы Чэнь Гуанчэнді қолдау білдіріп, Қытай басшыларына «Біз Қытайдың алдағы жылдары жалпы адамзатқа ортақ адам құқықтары мен адам еркіндігін қорғау үшін халықаралық міндеттерді мойнына алар алмасын ары қарай бақылай береміз» деді.

«АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» МЕН «ҚОҒАМ ИГІЛІГІ»

Мақала авторының пайымдауынша, Қытайдың Батыста білім алған интеллигенттерінің өзі «мұндай идеялар Қытайға пайдалы» деп ойламайды. Ал Қытайдың мемлекет басшылары марксизм мен ленинизмнің идеологиялық мектебінде тәлім алғандықтан бұл идеяларға қызықпайды.

Басылымның талдауынша, Қытайдың «адам құқығы» туралы түсінігі Батыспен салыстырғанда басқаша қалыптасқан. Қытайда жеке адамның игілігі үшін емес, жалпы халықтың рақаты үшін күреседі. Ал Батыста керісінше – қоғамдағы әр бір
Тяньаньмен алаңынан өтіп бара жатқан адамдар. Бейжің, 7 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Тяньаньмен алаңынан өтіп бара жатқан адамдар. Бейжің, 7 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
жеке тұлғаның азаматтық құқықтары қорғалады. Сондықтан жеке тұлғаның еркіндігіне қатысты идеялардың Қытайдағы бұқара халыққа жаппай таралуы өте қиын. Үкіметті ең көп сынайтын сауатты пекиндіктердің өзі Чэнь мен басқа да диссиденттердің пікірі бір жарым миллиард халқы бар Қытайдың болмашы ғана бөлігіне әсер етіп жатқанын мойындайды.

Мақала авторы Яшень Хуанның ойынша, «Қытайдың болашақ саясатына әсер ету үшін АҚШ-тың жаңаша қадамға баратын кезі келді». Ол үшін АҚШ экономикалық дамуды сақтап тұруға, тұрақтылық орнатуға, тіпті коммунистік партияның басшыларынан бастап, қарапайым жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне дейін демократия игі ықпал ететінін Қытайға түсіндіруі керек. Егер нақты дәлелдерге негізделген уәждер айтылса, Қытайдың экономикалық және интеллектуалдық элитасы бұл идеяларға қолдау көрсетуі мүмкін.

Мақала авторы ел басшысы Си Цзиньпин мен басқа да жоғары лауазымды басшылардың да көзқарасын өзгертуге болады деп үміттенеді. Автордың ойынша, ең әуелі «Қытайдың қазіргі саяси экономикалық жүйесі – Қытайдың қарқынды дамуын қамтамасыз ететін тамаша жүйе» деген мифті жою керек. Автор осындай батыл пікір білдіре отырып, Қытайдың соңғы 30 жылда миллиондаған адамды кедейшіліктен құтқарған ерен еңбегін де жоққа шығармайды. «Бірақ бұл жетістікті келешекте жоғалтып алмау керек» дейді ол.

«ҚЫТАЙ МЕН ГОНДУРАС ДЕҢГЕЙЛЕС»

Мақала авторының зерттеуінше, «Мәдени революциядан» кейінгі Қытай басшыларының миллиондаған адамды кедейшіліктен құтқарып қалуының тағы бір себебі, Мао Цзедун көп халықты кедейшілікке ұшыратқан. 1979 жылы партия басшылары 1957-1978 жылдары халықтың тауар тұтыну қабілетінің мүлде тұралап қалғанын мойындаған. Екіншіден, кедейшіліктің ең төменгі сатысы тәулігіне бір доллардан аз табыс табумен белгіленеді.

Бірақ «күнінен бір доллардан артық ақша табу гүлденгеннің белгісі емес» дейді мақала авторы. Дүниежүзілік банктің 2008 жылғы дерегі бойынша, бұл күндері
Қытай коммунистік партиясының 90 жылдығы құрметіне жасалған баннер алдында тұрған адам. Шанхай, 1 шілде 2011 жыл.
Қытай коммунистік партиясының 90 жылдығы құрметіне жасалған баннер алдында тұрған адам. Шанхай, 1 шілде 2011 жыл.
Қытай халқының 30 пайызын құрайтын 390 миллион адамның күндік табысы екі долларға жетпейді. Осы өлшеммен алғанда Қытай халқы әлеуметтік тұрғыда Гондураспен тең дәрежеде өмір сүреді.

Қытайдың жалпы өнім беру қуаты да соңғы 60 жылда өзімен көршілес елдермен ешқашан теңеспеген. Басылым осы аймақтағы екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік ахуалға қысқаша шолу жасаған. Ол соғыстан кейін Шығыс Азияда экономикалық жағынан қарқынды дамыған елдер – Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур, тұралап қалған үш мемлекет – Қытай, Солтүстік Корея және Моңғолия. Алдыңғы екі мемлекетті әлі күнге дейін коммунистік партия басқарып келе жатыр, ал Моңғолия 1924 жылдан 1993 жылға дейін коммунистік жүйеде өмір сүрді.

«Қытай соңғы 30 жылда неге қатты дамыды?» деген сауалға емес, «Қытай не себепті Шығыс Азиядағы ең кедей ел болып қалды?» деген сауалға жауап іздеген маңызды» деп түйіндейді Foreign Policy мақаласын.
XS
SM
MD
LG