Accessibility links

Путин Ауғанстанға ДАИШ-тің 2 мың содыры жиналғанын айтты


Ресей басшысы Владимир Путин.
Ресей басшысы Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин 15 қазанда Ауғанстанның солтүстігіне ДАИШ ("Ислам мемлекеті" экстремистік тобы) тобының екі мың содыры жиналғанын айтты. Келесі аптада Мәскеуде Ауғанстандағы жағдайға байланысты халықаралық келіссөз өтейін деп жатқан шақта Путин осындай мәлімдеме жасап отыр.

"Ресей барлау қызметінің мәліметіне сәйкес, Ауғанстанның солтүстігінде ДАИШ мүшелерінің саны шамамен 2 мыңға жетеді" деді Путин жұма күні ТМД елдерінің саммитіне бағытталған видеомәлімдемесінде.

Ресей басшысының сөзіне қарағанда, ДАИШ жасағы босқын кейпіне еніп, Орталық Азия елдерінде діни және этникалық алауыздықты қоздыруға тырысады.

Осы аптада сәл ертерек Путин ДАИШ-қа қатысы бар Ирак пен Сириядағы содырлардың Ауғанстанға жиналғанын айтқан, ал Ресей сыртқы істер министрі "Талибанды" қатерге төтеп беруге шақырған.

Ресейдің Ауғанстандағы арнайы өкілі Замир Кабуловтың айтуынша, келесі аптада өтетін келіссөзде тараптар Ауғанстандағы жағдайды өзгерту бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға күш салады. АҚШ, Қытай мен Пәкістан да 19 қазанда өтетін жиынға қатысады. Кабуловтың айтуынша, "Талибан" және аймақтағы өзге де топтар жиынға бір күннен кейін қосылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG