Accessibility links

Еуро одақтың сынына ұшыраған Минск Франция елшісін шығарып тастады


Николя Де Лакост
Николя Де Лакост

Беларусь билігі Франция елшісі Николя де Лакостты шығарып жіберді. Бұған Еуропа одағының Беларусь президенті Александр Лукашенко халықты қуғын-сүргінге ұшыратты деп сынауы түрткі болған.

Былтыр ғана қызметіне кіріскен Николя де Лакост Беларусь Сыртқы істер министрлігінің талабымен 17 қазанда елден шығып кеткенін Азаттыққа Беларусьтегі Франция елшілігі растады.

2020 жылы тамызда Беларусьте өткен президент сайлауынан кейінгі бейбіт шерулер күшпен басылып, қуғындалған соң Де Лакост Александр Лукашенкомен байланысуды доғарған.

Кейінгі 14 айда Беларусь полициясы мыңдаған адамды түрмеге қамап, Лукашенко билігімен келіспейтін жүздеген адамды азаптаған соң Еуропа одағы қатаң санкциялар салған.

Франция елшілігі дүйсенбіде Николя де Лакост беларусь халқымен қоштасу хатын жариялайтынын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG