Accessibility links

Садыр Жапаров Қырғызстанның Тәжікстанмен шекарасын ашу талаптарын айтты


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жыл сайын өтетін баспасөз мәслихаты кезінде. Бішкек, 23 қазан 2021 жыл.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жыл сайын өтетін баспасөз мәслихаты кезінде. Бішкек, 23 қазан 2021 жыл.

Қырғызстан шекарасын Тәжікстан студенттеріне ашты, бірақ өзге азаматтар үшін шекара әлі де жабық. Бұл туралы қырғыз президенті Садыр Жапаров баспасөз мәслихаты кезінде айтты. Бішкек шекараны 2021 жылғы қанды қақтығыстан кейін жауып тастаған.

"Студенттер оқуын жалғастыруы керек. Шекара делимитация және демаркация аяқталғаннан кейін ашылады. Біз оны жанжалды болдырмау жабық ұстап отырмыз. Жақын күндері Тәжікстанға осы жөнінде жұмыс істеп жатқан үкіметаралық комиссия аттанады. Делимитация мен демаркацияны неғұрлым тез аяқтасақ, соғұрлым шекараны ерте ашамыз" деді ол.

2021 жылғы 28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасындақарулы қақтығыс болып, салдарынан екі тараптан ондаған адам қаза тапты. Осыдан кейін Бішкек біржақты шешім қабылдап, шекараны жауып тастады. Авиабайланыс та тоқтады. Қазанда Қырғызстанның жаңа үкіметі тәжік студенттеріне шекараны ашатынын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG