Accessibility links

Тәліптер билікке келгелі бері Ауғанстанда 231 БАҚ жабылып, 6400 журналист жұмыссыз қалды


Баспасөз мәслихатына қатысып тұрған ауған журналистері.
Баспасөз мәслихатына қатысып тұрған ауған журналистері.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымы мен Ауғанстан еркін журналистер қауымдастығы 20 желтоқсанда есеп жариялады.

Құжатта тәліптер билікке келгелі Ауғанстанда 231 бұқаралық ақпарат құралы жабылып, соның салдарынан 6400 адам жұмыссыз қалғаны айтылған. Жүйе қудалауынан әсіресе әйел-журналистер зардап шекті, делінген есепте.

Тәліптер билікті басып алғанға дейін Ауғанстанда 543 БАҚ болған, қазір соның 312-і ғана жұмыс істеп тұр. Елде төрт айдың ішінде ақпарат құралдарының 43 пайызы жабылып қалған.

Олардың дені аймақтардағы басылымдар болған. Мысалы, Герат провинциясында 51 басылымның 18-і ғана істеп тұр.

Кабулдағы басылымдардың жартысы жабылған.

Тәліптер басқаруындағы Ауғанстанда 2490 журналист әйелдің 410-ы ғана жұмыс істеп жұр. Елде төрт айдың ішінде журналист әйелдердің 84 пайызы жұмыссыз қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG