Accessibility links

Арнайы жасақ баррикадасы, өртенген әкімдік. Елдегі наразылықтан фотолар

5 қаңтар түстен кейін Қазақстанда билікке қарсы наразылық қайта жалғасты. Алматыда наразылар әкімдік ғимаратына басып кірді. Елдің басқа аймақтарында да халық наразылыққа шығып жатыр.

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында жаңа жылдан газдың қымбаттауынан басталған наразылық Қазақстанның барлық өңіріне тарады. 5 қаңтарға қараған түні Алматыда Республика алаңына жиналған наразы жұртқа билік шулы жарық граната қолданып, көзден жас ағызатын газ шашты. Бірнеше полиция көлігі өртенген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізді. Наразылық күшейген тұста Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Наразылар режимнің отставкасын, 1993 жылғы конституцияны қайтаруды талап етеді.

XS
SM
MD
LG