Жасарал Қуанышәлин: Мұның бәрі - биліктің саяси ойыны, бейбіт шерушілердің өрт пен қиратуға қатысы жоқ
Бұл сұхбат Алматы от пен оқтың астында тұрған 6 қаңтар күні жазылды. "Республика алаңында бейбіт шерушілердің штабын басқарып тұрмын" деген оппозициялық саясаткер. 1990 жылдары "Азат" қозғалысын басқарған, Қазақстан жоғарғы кеңесінің депутаты болған Жасарал Қуанышәлинмен Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы көліктің ішінде сұхбаттасуға мәжбүр болды. Саясаткер қаладағы тонауға, әкімдік ғимараттарын өртеуге бейбіт митингішілердің қатысы жоғын айтады және премьер-министрдің ауысуынан, ҰҚК төрағасының қызметтен кетуінен ештеңе өзгермейді дейді. Оның айтуынша, мұның барлығы – экс-президенттің саяси ойыны. Ол барлық билік түгел орнынан кетіп, уақытша үкімет құрылуы керек деп санайды. Интернеттің бұғатталуына және төтенше жағдай мен комендаттық сағаттың енгізілуіне байланысты сұхбатты сол күні жариялау мүмкін болмады. Сол күні кешкісін гранотометтен оқ атылып, алаңдағы қалған жұрт тарады, жараланғандар мен қаза тапқандар да бар. Оның біразын Азаттық тілшілері өз көзімен көрген. Алаңдағы бейбіт митингішілердің штабын басқарып тұрған Қуанышәлинмен содан бері байланыс жоқ.
ПІКІРЛЕР