"Тоқаевқа импичмент!" Алматыдағы қаңтар қырғыны құрбандарын еске алу митингісі
13 ақпанда Алматы қаласында бір топ қоғам белсенділері мен саясаткерлердің шақыруымен Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандарды еске алу митингісі өтті. Оған қатысушылар Қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырғандарды босатуды, оларды абақтыда азаптаған құқық қорғау органы қызметкерлерін жазалауды, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тартуды талап етті. Алаңда интернет ажыратылып, рұқсат етілмеген жиынды полиция бақылап тұрды.
ПІКІРЛЕР