Accessibility links

Украинадағы соғыста тағы бір Ресей қазағы қаза тапты


Әли Батыров.
Әли Батыров.

Ресейдің Астрахан облысы Красноярск ауданы Ватажное ауылының тумасы Әли Сабыржанұлы Батыровтың Украинадағы соғыста мерт болғанын туған ауылының әкімшілігі хабарлады. 2 наурызда немере қарындасы Елсияр Батырова бауырының қазасын растады. Оның сөзінше, Әли Батыров 28 ақпан күні опат болған.

Ауыл әкімшілігінің хабарлауынша, Батыров майор әскери шенінде болған және батальонды басқарған. Украинаға дейін ол Сириядағы соғысқа қатысқан, сол үшін Батылдық ордені мен бірқатар өзге медаль алған.

Әли Батыровтың аты-жөні Украинаға жіберілген Ресей сарбаздарының тізімінде бар. Тізімді 1 наурыз күні украин хакерлері жариялаған.

Батыров – төменгі Еділ бойын мекендеген халық арасында қаза тапқаны ресми мойындалған екінші адам. 1 наурызда Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин сол ауданның тумасы Арман Нарынбаевтың қаза тапқанын мәлімдеген.

Билік тек екі сарбаздың өлімін растағанымен, жергілікті тұрғындар қаза тапқандар мен із-түссіз жоғалғандар көп дейді. Астрахан облысынан шыққан сарбаздардың опат болғаны туралы хабарлар аудандық чаттарда тарап жатыр. Володар ауданында тұратын бір адамның айтуынша, ауданға цинкпен қапталған алты мәйіт келген. Володар да, Красноярскіде де көбіне қазақтар тұрады.

Қарай отырыңыз: Украинадағы соғыста Ресей қазағы қаза тапты (1 ақпан 2022 жыл).

"Фанатиктер емес". Украинадағы соғыста этникалық қазақ қаза тапты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG