Қазақстанда президенттің "саяси партияларды тіркеу жеңілдейді" деген уәдесінен соң партия құруға ниеттілер көбейді. Бірақ әзірше ешбір топты әділет министрлігі партия ретінде тіркеген жоқ. Оппозициялық саясаткерлер "билік айтқанына көнетіндерге ғана мүмкіндік береді" дейді.