Accessibility links

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.
Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.

Назарбаев, Тоқаев, бюллетенді топтап тастау. Референдум қалай өтті?

Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өтті. Билік бұл шараны қоғамды демократияландыруға қарай қадам деп көрсетуге тырысады. Сын айтушылар бұрынғыдан ештеңе өзгермейді деп санайды.

21:10 5.6.2022

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер бойынша референдум қалай өтті? Саяси науқанның негізгі оқиғаларын қысқа шолып шығыңыз:

  • Елдегі сайлау учаскелері жабылған кешкі сағат 9-да Орталық референдум комиссиясы сайлаушылардың 68,44 пайызы дауыс беруді деп жариялады. Бұған шетелдегі сайлау учаскелерінің көрсеткіші әлі қосылған жоқ.
  • Алматыда референдумға қарсы пикет өткізген Oyan, Qazaqstan белсендісі Дархан Шәріповті ұстап әкетіп, біраз уақыттан соң босатты. Белсендінің қолында "Қанды Қаңтар ұмытылмас" деген плакат болған.
  • Қамауда отырған "Демпартия" бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамайдың жақтастары биліктен оны босатуды талап етіп, наразылық шарасын өткізді.
  • Бақылаушылар мен Азаттық тілшілері кейбір учаскелерде бюллетеньді топтап тастау, бір кабинаға бірнеше адам кіру фактілерін байқаған. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында тәуелсіз бақылаушы дауыс беру басталмай жатып жәшікте бірнеше бюллетень жатқанын көрген. Ол оны видеоға да түсірген. Бақылаушы прокуратураға шағымданды.
  • "Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры кейбір учаскелерде тәуелсіз бақылаушыларға дауыс беру процесін бақылауға кедергі жасалғанын, фото-видео түсіруге мүмкіндік берілмегенін мәлімдеді. Осы ұйымның координаторы Ақжол Маликовке шабуыл жасалғанын хабарлады.
  • Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы учаскелердің біріне келіп, дауыс берді. Ол дауыс беріп, журналистерге сұхбат бермей кетіп қалды.
  • Референдумға дауыс берген соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы дүрбелең кезінде айтқан 20 мың террорист жайлы мәлімдемесіне түсініктеме берді. "20 мыңға қатысты, бұл цифрды құқық қорғау органының бұрынғы басшылары берген. Мәселе бүкіл ел жөнінде болған. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. Қазір 5,5 мың қылмыстық іс қозғалды, 500 қылмыстық іс сотқа жолданды" деді Тоқаев.
  • Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов референдумға қарсы митинг өткізуге шақырған жерлерде күзет күшейді. Бұл жерлерге наразылыққа келген адам қарасы көрінбеді.
  • Шымкентте аудандық комиссия төрағасы Азаттық тілшісіне N77 сайлау учаскесінен ақпарат таратуға кедергі келтірді. Әл-Фараби аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мелдебек Әділбаев Азаттық тілшісінен "қызметтік хаттың түпнұсқасын" талап етті. Оны әкелмейінше учаскеге кірмеу қажеттігін айтты. Сайлау комиссиясының мүшелері бастапқыда Азаттық тілшісін тіркеген, алайда 15 минуттан кейін осындай талап айтқан

Осымен Азаттықтың референдум күнінен жүргізген жазбаша трансляциясы аяқталды. Референдум қалай өткені жайлы жаңалықтар мен видеоларды толығырақ төменге түсіп оқып, көре аласыз.

20:40 5.6.2022

Назарбаевтың дауысы, Тоқаевтың "20 мың бандиті", президентті Ленинге теңегендер. Референдум қалай өтті?

Азаттықтың референдумнан таратқан арнайы эфирін көре отырыңыз.

20:33 5.6.2022

Референдумда дауыс беруге сайлаушылардың 67,65 пайызы қатысқан

Елдегі сайлау учаскелерінің көпшілігі жабылған кешкі сағат 8-де Орталық референдум комиссиясы дауыс бергендердің саны бойынша осындай мәлімет жариялады.

Ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында. Мұнда дауыс берушілер тізіміне енгізілгендердің 32,25 пайызы референдумға қатысқан. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында. Ресми дерек бойынша, мұнда 80,66 сайлаушы дауыс берген.

Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 9-да Қазақстанның батысындағы учаскелер де жабылды.

Еуропада, АҚШ-та дауыс беру әлі жалғасып жатыр.

18:16 5.6.2022

"Лениндей көсем Тоқаев" және жоқ партиялардың өкілдері. Бір учаскеден репортаж

"Лениндей көсем Тоқаев" және жоқ партиялардың өкілдері. Бір учаскеден репортаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:33 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG