Accessibility links

ҰҚК шекара қызметінің экс-төрағасы Ділманов қамауға алынды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақ-қытай шекарасы бекеттерінде билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында ҰҚҚ төрағасының экс-орынбасары, шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділмановтың ұсталғанын хабарлады.

Бұған қоса, шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Нұрман Арысбаев және тағы бірнеше адам да ұсталған. Күдікке ілінгендердің бәрі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

ҰҚК "тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жарияланбайтынын" айтты.

Ділманов биыл сәуірде ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры қызметінен босатылған еді. Ол 1998 жылдан бері ҰҚК шекара қызметіне жұмыс істеп, 2015 жылы маусымда шекара қызметіне директор болып тағайындалған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасынан кейін қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде контрабанда мен жемқорлық мәселесіне назар аударып, оны жоюды тапсырды. Осыдан соң елде Қытаймен шекарадағы кедендерге қатысты тексеріс басталған.

Қазақ-қытай шекарасындағы кеден бекеттерінде жүк көліктері жиі кедергіге тап болып, апталап кезекте тұрып қалады. Саудагерлер де кеденнен өту қиын екенін жиі айтатын.

Нұр-Сұлтан қазақ-қытай шекарасында жемқорлықтың салдарынан кеден алымдарынан ондаған миллиард доллар бюджетке түспей қалған деп күдіктенеді.

54 шақырым кезек. Қытаймен шекарада жүк көліктері кідіріп тұр
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:02 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG