Accessibility links

Нұр-Сұлтан әкімі Назарбаевтың аралы жайлы "білмейді"


Астанадағы жасанды арал.
Астанадағы жасанды арал.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астанада орналасқан жасанды аралдағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "ұлдарына" тиесілі сарайлар жайлы білмейтінін айтады. Бұл сарайлар туралы Азаттық жақындағы зерттеуінде жариялаған.

8 шілдеде Азаттық тілшісі брифингте Көлгіновтен "түсініксіз жолмен берілген мемлекетке тиесілі жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керек пе? Сіз әкім ретінде ол жерлерді мемлекетке қайтару үшін бастама көтересіз бе?" деп сұрады.

– Қолымда құжаттар болмағандықтан пікір білдіре алмаймын, сұрағыңызға да жауап бере алмаймын. Менің ойым мынау: заң бойынша қандай процедура қабылданса, демек заң шеңберінде қабылданған. Қазір қабылданған шешімге қатысты пікір айта алмаймын. Құжаттарды көрмей қандай шешім шығарылғанын білмеймін, - деді Көлгінов.

Азаттық әкімнен астанадағы "жасыл арал" деп аталып кеткен жасанды аралда қазір кім тұрып жатқанын да сұраған.

– Ақпаратым жоқ, сондықтан ештеңе айта алмаймын, қазір дұрыс емес ақпарат берген болып қаламын, - деді Көлгінов.

Осы аптада Азаттық экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиесілі мүліктер жайлы тағы бір зерттеуін жариялаған. Азаттық Нұр-Сұлтандағы жасанды аралдағы қымбат зәулім ғимараттар "экс-президенттің ұлдарына" тиесілі екенін анықтаған.

Назарбаевтың аралы, астанадағы резиденциялар және меншіктелген Үшқоңыр жайлауы
please wait

No media source currently available

0:00 0:16:12 0:00

2004 жылы Есіл өзенінде жасанды арал ашылып, оған "Жасыл арал" деген ат берілген еді. Арал, Ақорда және Назарбаев кеңсесі арасында арнайы жол салынған. Ауданда күзет күшті, аралдың аумағы 118 341 шаршы метрді не 12 гектарды алып жатыр.

Аралда қымбат сарай орналасқан, бұл мүлік Назарбаевқа 2007 жылы сыйға тартылған. Қаңтар оқиғасын соң, яғни, 20 қаңтарда сарай 17 жастағы Тауман Нұрсұлтанның атына аударылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG