Accessibility links

Қорғаныс министрлігі: Өз-өзіне қол салу – әскери қызметке ғана байланысты емес


Қазақстан қорғаныс министрлігінің ғимараты
Қазақстан қорғаныс министрлігінің ғимараты

Қазақстан қорғаныс министрлігі "кейінгі кезде Қазақстан күш құрылымдарында жиілеп кеткен өз-өзіне қол салу жағдайлары" жөнінде түсініктеме берді. Министрлік 22 тамызда "әскери қызметкердің өлімі тек қарулы күштерде емес, басқа да әскер түрлерінде орын алып отыр" деп мәлімдеді.

"Бағыныстылардың өмірі мен денсаулығына ҰҚК шекара қызметі, ішкі істер министрлігінің ұлттық ұланы, мемлекеттік күзет қызметі және төтенше жағдайлар министрлігі де жауапты. Аталған күш құрылымдар бейбіт уақытта қарулы күштердің құрамына кірмейді және қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды",- дейді қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде "қарулы күштерде болған әрбір жағдай әскери полиция мен өзге де құқық қорғау органдары тарапынан мұқият тексерілетінін" айтқан.

"Тексеру нәтижелері өз-өзіне қол салу көп жағдайда қызмет өткерумен байланыс емес екенін көрсетті. Әскерге шақыруға дейінгі кезеңде әскери қызмектерлерді осындай әрекетке итермелейтін әртүрлі өмірлік жағдайлар кездесетінін ескеру керек" дейді қорғаныс министрлігі.

Министрлік "қазіргі уақытта қорғаныс министрлігінің бастамасымен ғылыми, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әскери ортада орны толмас шығындарды барынша азайтуға және суицидтің алдын алуға бағытталған "Өмірді сақта" кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр" деп жазады.

Қорғаныс министрлігінің бұл мәлімдемесі Жамбыл облысындағы шекара қызметіндегі жауынгер өлген соң бір күннен кейін жарияланды. Қазірге дейінгі болжамдарға қарағанда жауынгер "өз-өзіне қол салған".

Жергілікті БАҚ-тардың хабарына қарағанда жауынгер Бекбол Мираш Атырау облысынан әскерге шақырылған. Туыстары Бекбол Мираштың денесін әкетуге кеткен.

Кейінге кездері жауынгердің бейбіт уақытта өлетіні жиілей бастағаны байқалған.

17 тамызда Атырау облысында шекара қызметінде жүрген Нұрбек Ерғалиев қаза болған еді. Шілденің соңында Қазақстанның екі облысында ұлттық гвардияның екі жауынгері асылып қалғаны белгілі болды. Әскери қызметкерлер өлімінің көбейгені жарғыға сай келмейтін әрекеттермен де байланыстырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG