"Самат, бәрін түсіндің ғой?" Қайрат Сатыбалдының соты қалай өтіп жатыр?
Астанада елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот өтіп жатыр. 20 қыркүйектегі сотта жәбірленуші тарап – "Қазақтелеком" мен "Көліктік сервис орталығы" компаниялары Сатыбалды айыбын мойындап, шығынды өтегенін айтып; келісімге келуді ұсынды.