Ресейліктер Қазақстанға қашып жатыр
Путин мобилизация жариялаған соң Ресейде соғысқа барғысы келмегендер Қазақстанға қашып жатыр. Жеті жарым мың шақырым шекарасы бар екі елдің кеден бекеттерінде кешелі бері ұзын-сонар кезек көбейген. Желіде "үдере көшкен" орыстарды кіргізбеуге шақырып жатыр. Билік келгісі келгендерге шектеу қоя алмаймыз дейді.