Accessibility links

ҰҚК шекара қызметі Ресеймен шекара пункттерінде жолаушылар көбейіп, көлік кептелісі қалыптасқанын растады


Орыс-қазақ шекарасындағы көлік кептелісі. Қазақстан, Ақтөбе облысы, 22 қыркүйек 2022 жыл.
Орыс-қазақ шекарасындағы көлік кептелісі. Қазақстан, Ақтөбе облысы, 22 қыркүйек 2022 жыл.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі қазақ-орыс шекарасындағы ахуалға түсініктеме берді. Ресейде мобилизация жарияланғалы бері әскерге барудан қашқандардың көрші елдерге ағыны, оның ішінде Қазақстанға да өткісі келетіндер көбейген.

"30 көлік пункті қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Жолаушылар мен көліктер ағының артуына байланысты төртеуінде кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда. Шекара қызметі өкілетті мемлекеттік органдармен бірге шекара өткелдерінде қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуын қадағалап жатыр. Ресей шекарашылар ведомствосымен де қарым-қатынас орнатылды" деп жазылған шекара қызметінің 23 қыркүйек күнгі хабарламасында.

Шекара қызметі дегенмен 21 қыркүйектен бері қанша Ресей азаматының Қазақстанға өткені жайлы мәлімет жазбаған.

Ведомство "халықаралық келісімдер мен Қазақстанның ішкі заңнамасына сүйене отырып әрекет етеді" деп атап өткен.

21 қыркүйекте Ресей басшысы Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялап, әскерге запастағы әскерилер, қарулы күштер қатарында бұрын қызмет еткендер, тәжірибесі бар әскери мамандар шақырылатынын айтқан. Осыдан соң Ресей азаматтарының елден жаппай кете бастағаны туралы ақпарат тараған. Әзірге қанша Ресей азаматының Қазақстанға өткені туралы мәлімет жоқ.

21 қыркүйекте Ресейдің 38 қаласында мобилизацияға қарсы наразылық өтіп, мың жарымға жуық адам ұсталған. Ұсталғандардың кейбіріне полиция бөлімінде әскери комиссиариатқа шақыру тапсырылған.

Видео: Ресейліктер Қазақстанға қашып жатыр (22 қыркүйек 2022 жыл).

Ресейліктер Қазақстанға қашып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:55 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG