Accessibility links

Beeline батыстық телеарналарды да өшірмек. Алғашқы тізімде ресейлік арналар ғана болған


Beeline ресейлік арналарды өшіруін "әдеттегі жағдай" дейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Beeline Қазақстан ұялы байланыс операторы 28 қыркүйекте ресейлік телеарналардың өшірілуін түсіндірді және өшірілетін телеарналардың қатарына батыстық телеарналарды да қосты.

Beeline шешімін "Телеарналар пакеті мен контент құрамын өзгерту — цифрлық операторларға әдеттегі жағдай. "Beeline Қазақстан" бұған дейін де, бұдан кейін де абоненттердің таңдауына қарай осындай шешім қабылдай бермек. Біздің қолданушыларымыздың көбі жастар және олар көбіне көңіл көтеретін контент қолданады" деп түсіндірді.

Beeline Қазақстан 28 қыркүйекте өшірілетін телеарналардың тізіміне батыстық мына арналарды да қосты:

  • France 24 HD,
  • Kvartal TV,
  • Deutsche Welle HD,
  • TRT AVAZ HD (TRT Avaz HD),
  • Беларусь 24 HD,
  • EuroNews English HD,
  • RTVi HD,
  • "ТВ Центр".
  • Euronews,
  • CNN International,
  • РБК (РБК-ТВ),
  • BBC World News HD (BBC World),
  • ТНВ-Планета,
  • Premium HD",
  • 1+1 int

27 қыркүйектегі тізімде тек ресейлік арналар болған еді. Компания 5 қазаннан бастап "TV + Үйдегі интернет" пакетінен және BeeTV сервисінен "Росси 24", "НТВ", "Первый канал" бастаған ресейлік 15 телеарна өшірілетінін мәлімдеген.

28 қыркүйекте Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Beeline жеке компания деп атап, Beeline-ның шешімінде "саяси астар жоқ" деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG