"Тоқаев, қорқақ болма!" Билік партиясына қарсы төрт белсендіні ұстап әкетті
Алматыда биліктегі "Аманат" партиясын таратуға үндеген төрт белсендіні полиция күштеп ұстап әкетті. Олар партия кеңсесі алдында наразылық білдіріп, он бес минут та тұрған жоқ. Наразылар президент Тоқаевтан "саяси тұтқын" деп танылған оппозицияшыл саясаткер Жанболат Мамайдың босатуды да талап етті.