Accessibility links

Жигули Дайрабаев Қазақстан президенті лауазымына кандидат болып тіркелді


Жигули Дайрабаев ОСК берген "Қазақстан президенттігіне кандидат" куәлігін көрсетіп тұр
Жигули Дайрабаев ОСК берген "Қазақстан президенттігіне кандидат" куәлігін көрсетіп тұр

17 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан президенті лауазымына кандидат ретінде тіркеді. Жигули Дайрабаевты "Ауыл" партиясы ұсынған.

"Қазақстан президенттігіне кандидат болуға қажетті барлық процедура сақталды", - деп мәлімдеді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ресми хабарға қарағанда, Жигули Дайрабаев Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 азаматтың қолын жиған. ОСК 122 246 азаматтың қолын тексеріп, 119 975 азаматтың қолын жарамды деп санаған. Сайлау хаттамасы бойынша, кандидат кем дегенде 118 273 азаматтың қолын жинауға тиіс.

Жигули Дайрабаев алдағы президент сайлауына кандидат болып тіркелген үшінші адам. 12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев, 15 қазанда "Аманат" кәсіодақтар достастығы ұсынған Мейрам Қажыкен тіркелген.

30 қыркүйекте Жигули Дайрабаевты "Ауыл" партиясы кезектен тыс съезд өткізіп ұсынған.

67 жастағы Жигули Дайрабаев 2022 жылдың маусымынан бері ұлттық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG