Екібастұз неге жылусыз қалды? Арнайы репортаж
Павлодар облысы Екібастұз қаласында жылу электр орталығында апат болып, бірнеше күннен бері мыңдаған тұрғын жылусыз отыр. Ахуалды ауа райының күрт суытуы ушықтырып жіберді. Кейінгі күндері өңірде -30 градус аяз. Мамандар апатқа жылу желілерінің әбден ескіруі себеп дейді. Бірақ тұрғындар мәселе бір күннің емес, жылдар бойғы проблема дейді.