Еуропа одағы Брюссельде Украинаға басқыншылық жасап жатқан Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін мақұлдады. Саммитте Украина президенті қаржылай, қару-жарақпен көмектесуді күшейтуді сұрап сөз сөйледі. Іле-шала Ресей де қарап қалмады. Украинаға тағы да зымыран ұшырды.