"Халықпен талқылауға қорықты". Мүсінші Тоқаев ашқан ескерткіш жайлы не дейді?
Биыл жазда Алматыда бір топ саясаткер, қоғам белсендісі Қаңтар оқиғасының құрбандарына арнап, ескерткіш жобасын таныстырған. Олар жасаған макетте Қаңтар кезінде алаңда ту ұстап жүрген азамат – Берік Әбішевтің бейнесі мен "Қарапайым халықпыз, террорист емеспiз" деген плакат ұстаған халық бейнеленген. Бірақ бұл бастаманы билік елеусіз қалдырды. Осы ескерткішті жасаған мүсінші Олжас Мұхамедиден Тоқаев ашқан мемориал туралы пікірін сұрадық.