Accessibility links

Алматыда бір топ белсенді алдағы мәжіліс сайлауына "Алтыншы қаңтар" тәуелсіз блогымен баратынын мәлімдеді



Баспасөз жиынына қатысқан белсенділер, солдан оңға қарай: Арайлым Назар, Әлнұр Ильяшев, Динара Егеубаева, Думан Мұхаммедкәрім. Алматы, 26 желтоқсан, 2022 жыл
Баспасөз жиынына қатысқан белсенділер, солдан оңға қарай: Арайлым Назар, Әлнұр Ильяшев, Динара Егеубаева, Думан Мұхаммедкәрім. Алматы, 26 желтоқсан, 2022 жыл

Бүгін Алматы қаласында баспасөз жиынын өткізген бір топ белсенді алдағы мәжіліс сайлауына өз-өзін ұсынатын адамдардың "Алтыншы қаңтар" тәуелсіз блогын құратынын мәлімдеді.

Баспасөз жиынына тәуелсіз бақылаушы Арайлым Назар, тәуелсіз заңгер Әлнұр Ильяшев, журналистер Динара Егеубаева мен Думан Мұхаммедкәрім қатысты. Олар тәуелсіз блоктың 2023 жылы өтетін мәжіліс сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

- Мұны сайлауға қатысуға ерте дайындық деуге болмайды. Біз керісінше 30 жылға кешіктік. Сайлау алдағы жылдың алғашқы жартысында өтетіні анық, сондықтан қазірден бастап дайындалуды жөн көрдік,- дейді Думан Мұхаммедкәрім.

Белсенділердің сөзінше, "Алтыншы қаңтар" тәуелсіз блогын қолдаушылар Қазақстанның өзге де өңірлерінде бар.

Заңгер Әлнұр Ильяшев тәуелсіз блок алдағы мәжіліс сайлауында "өз-өзін ұсынатындарға көмектесуге дайын екенін" айтты.

Қазақстан билігі парламент мәжілісі мен мәслихатттар сайлауы 2023 жылдың алғашқы жартысында өтетінін хабарлаған. Жаңа заң бойынша, келесі мәжіліс депутаттары партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округ бойынша да сайланады. Қазіргі мәжіліс тек қана партиялық тізім бойынша сайланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG