Accessibility links

Ресей аннексияланған Донецк облысындағы казармаға шабуылдан 63 сарбазы қаза тапқанын мойындады


HIMARS кешені.
HIMARS кешені.

Украинананың Мәскеу аннексиялаған Донецк облысы Макеевка елді мекені маңындағы казармаға Украина жасаған шабуылдан 63 Ресей әскериі қаза тапты. Мұны Ресей Қорғаныс министрлігі растады. Мәскеу шабуыл HIMARS кешенінен жасалғанын айтады.

Бұған дейін кремльшіл телеграм-арналар Макеевкаға шабуылдан Ресейдің жүздеген әскериі қаза тапқанын жазған еді.

Ал Украина әскерінің стратегиялық коммуникация басқармасы телеграм-арнасында шабуылдан Ресейдің 400 әскериі қаза тауып, 300 әскери жараланғанын хабарлаған.

Донбасстағы сепаратистер қарулы күштерінің экс-басшысы Игорь Стрелков (Гиркин) "жүздеген адам қаза тауып я жараланғанын" жазды. Оның сөзінше, қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты санын қазір айту қиын, себебі көбі іздестіріліп жатыр.

Украиналық арналар Макеевкадағы казармада Самара облысынан мобилизацияланғандар болғанын жазады.

ТАСС агенттігі ресейлік әскерилер жаңа жыл түні ұялы телефон қолданғандықтан украиналық әскерилер олардың отырған жерін тауып алған деп жазады.

Ресей соғыс басталғалы алғаш рет осыншама көлемде әскериінен айырылғанын мойындады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG