Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы Қарашығанақ кен орнында 16 қаңтарда басталған ереуіл әлі жалғасып жатыр. Ресми дерек бойынша, бүгін бес жүздей адам жұмысқа шықпаған. Үкімет отырысына қатысқан өңір басшысы "жұмысшылардың талабы орынсыз" дейді.