No media source currently available
Қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс туралы мақаласы үшін Ресейдің Владимир қаласы Ленин аудандық сотына шақыру алды. Бірақ Arbat.media редакторы Ресей билігінің талабы орынсыз екенін, сондықтан сотқа бармайтынын айтты.