Accessibility links

Журналист Вадим Борейко операторының екі көлігі жарылғанын хабарлады


Burning car of cameraman journalist Vadim Boreyko
Burning car of cameraman journalist Vadim Boreyko

YouTube-тегі "Гиперборей" арнасының авторы, алматылық журналист Вадим Борейко әлеуметтік желідегі парақшасында 20 ақпанға қараған түні операторының екі автокөлігі жарылғанын хабарлады.

"20 ақпанға қараған түні менің операторымның екі мәшинесін үйінің жанында жарып кеткен" деп жазды Борейко.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Кейінгі жарты жылда Қазақстанда журналистер мен ақпарат редакцияларына түрлі қоқан-лоқы мен шабуыл жиілей түскені байқалған.

14 қаңтарда журналист Динара Егеубаева белгісіз адамдар мәшинесінің терезесін кірпішпен сындырып, ішіне от қойып кеткенін хабарлаған. Өртеніп жатқан көлігін әлеуметтік желіге шығарған. Егеубаева мұны "өз өміріне жасалған қастандық" деп атаған. Алматы полициясы екі күннен кейін бес бозбаланы Динара Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікпен ұстаған. Олар Elmedia редакциясының есігін қиратты" деген де күдікке ілінген. Ұсталғандар 15, 16 және 17 жаста.

Егеубаеваның мәшинесі өртенгеннен кейін бірнеше күннен соң Ulysmedia.kz интернет-басылымының бас редакторы белгісіз адамдар сайтқа бұзып кіріп, өзі мен отбасының жеке мәліметтерін жариялағанын хабарлаған. Самал Ибраева мұны жеке өмірге қол сұғу деп бағалаған.

Көп ұзамай журналист Вадим Борейко белгісіз адамдар түн ішінде үйінің кіреберісіне әлдекімдер бояу шашып, пәтерінің есігіне монтаж көбігін құйып кеткенін хабарлаған.

Халықаралық ұйымдар Қазақстанда сөз еркіндігі күрделі елдер санатына жатқызған. "Шекарасыз репортерлер" индексі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 122-орында тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG