Accessibility links

Bradley, Javelin және HIMARS. АҚШ Украинаға 460 миллион долларға тең кезекті әскери жәрдемін ұсынды


АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский Киевте баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. 20 ақпан, 2023 жыл
АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина президенті Владимир Зеленский Киевте баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. 20 ақпан, 2023 жыл

АҚШ Украинаға 460 миллион долларға тең кезекті әскери көмегін бөлді. Бұл хабарды АҚШ қорғаныс министрлігі таратты.

Жаңа көмекке мыналар кіреді:

  • жаяу әскерге арналған беренді төрт Bradley;
  • екі тактикалық мәшине;
  • төрт радиолокация жүйесі;
  • танкіге қарсы Javelin зымыран кешені мен оқ-дәрісі;
  • дүркіндетіп ататын реактив HIMARS жүйесінің оқ-дәрісі;
  • 155 мм калибрлі артиллерия снарядтары;
  • 120 мм калибрлі миномет снаряды;
  • танкіге қарсы 2000-ға жуық зымыран;
  • жаяу әскерге қолданылатын Claymore минасы.

Сонымен бірге түнде көретін жабдықтар, байланыс және медицина құралдарын, техника бөлшектерін береді.

Ресей басып кіргелі АҚШ-тың Украина қарулы күштеріне берген қару-жарағының жалпы сомасы 29, 8 млрд долларға жетті.

20 ақпанда Киевке барған АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қажет қару-жарақ беріле беретінін және Ресейдің қорғаныс өнеркәсібін қолдайтын жеке тұлғалар мен компанияларға санкция салынатынатын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG