Қызға салық салу, әйелге ие болу... Қазіргі қазақ әйелі оған көне ме?
Депутат Қарақат Әбден шетел азаматына күйеуге шыққан қазақ қызына салық салу керек деді. Бұрын Шымкент әкімі "әйелдеріңе ие болыңдар" деген. Мәжілістің бұрынғы депутаты да "Құдай-ау, бір қатынға шамаң келмесе, қандай еркексің? Әйелдерді көшеге шығарып қойып, жігіттеріміз үйде отырғаны не сұмдық?" деп сөйлеген. 2019 жылы Астанада "времянкада" бес сәби өртенгенде әйелдер нарызылыққа шыққан еді. Үкімет әйелдер бас көтергеннен кейін тарихта алғаш рет әр балаға жәрдемақы берді.