Қазақ студенті "Вагнерге" "өз еркімен" қосылғанын айтады. Анасы ұлымды соғысқа күштеп әкетті дейді
Қазақстандық Марғұлан Бекенов Ресейдің "Вагнер" әскери тобы қатарында Украинаға қарсы соғысып жүр. Ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігі де растады. Ұлттық қауіпсіздік комиеті қылмыстық іс қозғады. Қазақ студенті 20 сәуірде тараған видеода "Вагнер" қатарына "өз еркімен қосылғанын" айтады. Бұл видеоүндеуді Бекенов өз еркімен жазды ма, әлде қысыммен жазды ма – белгісіз.