Қытаймен арада виза режимі жеңілдемек. Жұрт неден қауіптенеді?
Қазақстан мен Қытай үкіметтері екі елде азаматтардың 30 күн визасыз жүруіне рұқсат ету туралы құжатқа қол қоймақ. Құжат жобасы жарияланғаннан кейін Қазақстанның бірнеше өңірінде визасыз режим мерзімін ұлғайтуға қарсылық айтыла бастады. Олар "Қытай азаматтары елде қалып қояды" деп қауіптенеді.