Accessibility links

Белсенді Асқар Сембай екі айға қамалды


"Саяси тұтқындарды" қолдау акциясын өткізіп тұрған Асқар Сембай. 2021 жыл.
"Саяси тұтқындарды" қолдау акциясын өткізіп тұрған Асқар Сембай. 2021 жыл.

13 мамырда Астана соты белсенді Асқар Сембайды екі айға қамау туралы шешім шығарды. Шешім сенбі күні түнгі сағат 10-ға таман шыққан. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады. Адвокаттың айтуынша, істің ашылуына белсендінің былтыр 7-17 қараша күндері желіде жазған жазбалары түрткі болған.

Асқар Сембайды полиция 12 мамырда ұстап әкеткен еді. Бұған дейін адвокаты оны 405-бап 2-бөлігі бойынша ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" бабы) уақытша қамау изоляторында ұстап отырғанын хабарлаған. Tirek.info сайтының мәліметінше, полиция жұма күні белсендіні түсіндірместен және құжаттарын көрсетпестен ұстап алып кеткен.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Tirek.info сайтындағы мәліметке қарағанда, Асқар Сембай азаматтардың құқықтарын талап еткен бейбіт жиындарға қатысып, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған. Адвокаттың айтуынша, белсенді 2019 жылдан бері 15 рет әкімшілік жазаға тартылған.

2020 жыл тіркелмеген "Көше" партиясына байланысты тергелген. Астана соты "Көше партиясы" мен "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деп танығанмен Еуропарламент оларды "бейбіт оппозициялық ұйым" деп таныған.

Қазақстанда бұған дейін жүздеген белсенді осы екі ұйымның ісіне қатысы бар деген айыппен сотталған. Олардың көбін құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG