Accessibility links

Ресей аумағында жүрген "Вагнер" тобы
Ресей аумағында жүрген "Вагнер" тобы

Кремль "Вагнер" тобының басшысы Пригожинді бүлікке шақырды деп айыптады. Ресейде не болып жатыр?

"Вагнер" жекеменшік әскери тобының жетекшісі Евгений Пригожин өз жауынгерлеріне Ресей қорғаныс министрлігінің күштері "шабуылдағанын" айтып, кек қайтаратынын мәлімдеді. Ресей билігі қарулы бүлікке шақырғаны үшін Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады.

21:00 24.6.2023

Қазақстандағы айырбас пункттерінде Ресей рублінің құны түсіп жатыр

Астанада бір рубльді сатып алу 4,2 теңге, сату 5,2 теңге шамасында. Алматыда рубльді алу құны 4,5 теңге, ал сату құны 5,2 теңге төңірегінде. Кеше ғана рубльдің сатып алу құны 5,25 теңге болған еді.

13:20 24.6.2023

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі: “Вагнер” тобының демаршы – Ресей мемлекеттілігіне төнген ең ірі қауіп-қатер

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі сенбі күнгі хабарламасында “Вагнер” жетекшісі Евгений Пригожин мен Ресейдің әскери басшылығы арасындағы қақтығыс туралы жазған.

Әскери ведомствоның хабарлауынша, “Вагнер” жалдамалылары Ресей шекарасын кемінде екі жерден кесіп өткен. Ростовтағы әскери штабты бақылауына алған.

“Вагнер” әскерінің бір бөлігі Мәскеуге жетуге ұмтылуы мүмкін. “Алдағы бірнеше сағат ішінде Ресей қауіпсіздік күштерінің адалдығы дағдарыстың даму барысына қатты әсер етеді. Бұл соңғы уақытта Ресей мемлекеттілігіне төнген ең ірі қауіп-қатер” деп жазды Ұлыбритания қорғаныс министрлігі.

12:44 24.6.2023

Саясаттанушы Димаш Әлжанов: Тоқаев пен ақордадағылар қатты алаңдап жатқан болар

Ресейдегі жағдайға байланысты пікірін айтқан саясаттанушы Димаш Әлжанов "Тоқаевтың сүйеніші сыр бере бастады. Алдағы айларда тағы Қаңтар қайталанса, енді ҰҚШҰ шақыра алмайсың. Ресей десанты көмектесе алмайды" деп жазды.

"Путиннің билікте қалу мүмкіндігі көз алдымызда елеске айналып барады. Аспаз (Пригожин, Путиннің бұрынғы аспазы) өзін қорғай алатынын көрсетті, бір мезетте бұрынғы бастығының режимін бұзып та жатыр. Қазір Тоқаев пен Ақордадағы балалар қатты алаңдап жатқан болар”

12:20 24.6.2023

Украина президентінің кеңсесі: Ресейде барлығы енді басталады

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Пригожиннің әрекетін Ресей билігінде өрістеп келе жатқан наразылықты әшкерелеген “контртеррористік операция” деп атады.

“Элита арасындағы жік айқын көрініп тұр. Бәрі шешілгендей кейіп танытып таныту мүмкін емес. Біреуі міндетті түрде жеңілуге тиіс: не Пригожин, не ұжымдық “анти-Пригожин” деді Подоляк.

Ол “Ресейде барлығы енді басталады” деді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG