Accessibility links

Ресей аумағында жүрген "Вагнер" тобы
Ресей аумағында жүрген "Вагнер" тобы

Кремль "Вагнер" тобының басшысы Пригожинді бүлікке шақырды деп айыптады. Ресейде не болып жатыр?

"Вагнер" жекеменшік әскери тобының жетекшісі Евгений Пригожин өз жауынгерлеріне Ресей қорғаныс министрлігінің күштері "шабуылдағанын" айтып, кек қайтаратынын мәлімдеді. Ресей билігі қарулы бүлікке шақырғаны үшін Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады.

09:15 24.6.2023

Сенбі күні Ресейдің Ростов қаласына "вагнерліктердің кіргені" хабарланып, әлеуметтік желіде әскери техника мен автомат асынған камуфляждағы адамдардың қала орталығында жүргені жөнінде видео тарады.

Алайда Conflict Intelligence Team зерттеу тобы Ростовтан тараған видеолардағы әскери қызметкерлер "вагнерліктер емес" – қорғаныс министрлігінің қызметкерлері екенін айтты.

09:47 24.6.2023

Михаил Ходорковский Пригожиннің бүлігін қолдады

Бұрынғы ресейлік саяси тұтқын, "ЮКОС" компаниясының бұрынғы жетекшісі Михаил Ходорковский Телеграм арнасында “Қазір біз жұртқа әзірге шындықты айтып тұрған Пригожинді естуіне көмектесуіміз керек. Егер ол Мәскеуге барса, оны тоқтатуға тырысқандарға кедергі жасау керек, себебі біздің жауымыз ортақ...” деп жазды.

Ресей оппозициясы өкілдерінен әзірге Ходорковскийден басқа ешкім мәлімдеме жасаған жоқ. Украина жағында соғысып жүрген “Орыс еріктілер корпусының” жекткшісі де “Вагнер” басшысын қолдады.

09:47 24.6.2023

Қазақстан билігі әзірге Ресейде болып жатқан оқиғаларға реакция білдірмеді. Қазақстан-Ресей шекарасында бақылау күшейгені туралы да хабар болған жоқ. Дипломаттар “алаңдаушылық” білдірмеді.

09:52 24.6.2023

Conflict Intelligence Team: Ростовтан тараған видеолардағы әскери қызметкерлер "вагнерліктер емес" – қорғаныс министрлігінің қызметкерлері

Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеу жобасының негізін қалаушы Руслан Левиев Ростовтан түсірілген видеоларда автомат асынып, камуфляж кигендер “Пригожин жалдамалылары емес” екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл Ресей қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері. Левиевтің айтуынша, әскери қызметкерлер қаладағы негізгі ғимараттарды қорғаныс мақсатында қоршауға алған.

Бұған дейін желіде видеолар жарияланып, Пригожинның жалдамалы әскері “Ростовқа кіргені хабарланған еді”.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG